Архив событий

14/03/2014

Сот қаулылары мен кеңсе құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау сапасын арттыру мақсатында

14/03/2014

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының сот қаулыларының сапасын арттыру туралы ұсыныстарын орындау мақсатында, Қарағанды облыстық сотының мемлекеттік тіл жөніндегі жұмыс тобының  ұйымдастыруымен облыстық соттың оқу орталығында 2014 жылдың 14 наурызында  «Мемлекекеттік тілде дайындалған сот қаулылары мен кеңсе құжаттарының сапасын арттыру» жайлы семинар  өткізілді. Бұл семинарға  жаңадан тағайындалған судьялар мен кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Кәмелетке толған балаларға да нәпақа тиесілі

14/03/2014

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында кәсіптік білім беру жүйесінде оқитын  кәмелетке толған баланы асырау үшін  нәпақа өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Баланың кәмелетке толып, Қарағанды гуманитарлық колледжінде оқып жатқандығына байланысты талапкер жауапкерден кәмелетке толған баланы оқытуға кеткен қосымша шығындарын өтеу үшін  50 АЕК мөлшерінде нәпақа өндіруін сұраған. Сот отырысы барысында, жауапкер – баланың әкесі екені туу туралы куәлікке сәйкес анықталды.