Архив событий

18/03/2014

Тұрғын үй заңнамасын қолдану тәжірибесі

18/03/2014

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының оқу сыныбында «Иесi тастап кеткен тұрғын үйге меншік құқығы жөнiндегi дауларды соттардың қарау тәжірибесі» тақырыбында судьялар арасында семинар сабақ өтті.

Азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдануда туындайтын көкейкесті мәселелер

18/03/2014

2014 жылдың 14-наурызында Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында «Азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдануда туындайтын көкейкесті сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның модераторы – облыстық соттың судьясы А. Бәжібаева, сомодератор – облыстық соттың судьясы Қ. Айтжанов. Семинарға, сонымен қатар, Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Н. Рахимов, Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі А. Мурзабекова, адвокаттар, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Ұсақ бұзақылығы үшін – әкімшілік қамау

18/03/2014

Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық сотымен КР ӘҚБтК-нің 330-бабы 1-бөлімімен көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат М.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, 03.03.2014 жылы Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М.  темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін бекітті.