Архив событий

19/03/2014

Судьяға тіл тигізіп, жала жабу заңмен қудаланады

19/03/2014

Жуырда Қарағанды облыстық сотында «Судьяға қатысты тіл тигізу мен жала жабу сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына модератор болып қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. Н. Батаева, ал сомодератор – облыстық сот судьясы К. Төлеуов, сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылдың 17-қаңтарындағы Жолдауында бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот төрелігі мен пәрменді құқықтық тәртіп – дамыған елдің негізі болып табылады делінген.