Архив событий

13/03/2014

Еңбек құқығы қалпына келтірілді

13/03/2014

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотында  азамат С-ның «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқа қайта алу, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін жалақысын өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды. Талапкер өзінің еңбек мiндеттерiн орындамау фактісін қайталағаны үшін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2012 жылдың 09-қарашасындағы бұйрығымен жұмыстан босатылған болатын.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату сұрақтары талқыға түсті

13/03/2014

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар М. Жұмағұлов, Д. Бекішев, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық қылмыстық атқару инспекциясының бастығы А. Шикенованың және ҚАИ инспекторларының қатысуымен «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материалдарды қарау ерекшеліктері» тақырыбында жоспардан тыс дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысын Октябрь аудандық сотының судьясы Д.Бекішев ашып, қатысушыларды талқылау барысында белсенділік танытуға шақырды.