Еңбек құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотында  азамат С-ның «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не жұмысқа қайта алу, жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін жалақысын өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды. Талапкер өзінің еңбек мiндеттерiн орындамау фактісін қайталағаны үшін Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2012 жылдың 09-қарашасындағы бұйрығымен жұмыстан босатылған болатын. Алайда, істі қарау барысында,  талапкер бір тәртіп бұзушылық фактісі үшін екі рет жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл Еңбек кодексінің нормаларына қайшы келеді. Сот шешімімен талапкер С. «Абай ауданы Жартас кентінің облыстық «Шипагер» туберкулезге қарсы шипажайы» КММ-не бас дәрігер лауазымына жұмысқа қайта алынды. Денсаулық сақтау басқармасынан жұмыстан мәжбүрлі түрде қалған күндері үшін 1 072 808 теңге жалақы және моральдық зиянды өтеу үшін 20 000 теңге өндірілді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы