Медиацияны қолдану мәселелері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұхар-Жырау ауданынң №2 аудандық сотымен Г. Мұстафин кентіндегі кітапханада медиацияны қолдану  мәселелері туралы дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға кенттегі кәсіби емес медиаторлар Ш.Р. Курбанов – Қарағанды облыстық маслихаттың депутаты, Загурная Т.Б. – «Росинка» балабақшасының меңгерушісі, сонымен қатар аудан прокурорының көмекшесі Н.Серікбеков, Г.Мұстафин кентінің  әкімшілігінің бас маманы Б.Т.Кенжибекова, «Бұқар жырау жаршысы» газетінін тілшісі Т.Ф.Курбанова қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Ж.  Кенжин «Дауларды соттан тыс шешу әдістері» атты баяндама жасап, аймақтағы медиация институтын қолданып, дамыту және медиация туралы заңнаманы жетілдіру мәселелерін айта келе,   кәсіби емес медиатор кім бола алады деген сұрақтарға тоқталды.  Сонымен қатар, аймақтағы жергілікті атқарушы  органдарға, медиацияны, яғни дауларды соттан  тиіс  шешу үрдісін насихаттау жұмыстарын күшейту туралы ұсыныстар айтылды.

 Сот төрағасы Ж. Кенжин кездесуге келгендердің көкейкесті сұрақтарына қонымды жауаптар берді. Ал қатысушылар өз кезегінде мұндай тақырыптағы кездесуді өз әріптестерімен де өткізуді жөн көрді.

Кездесу соңында сот төрағасы қатысушыларға алғысын білдіріп, әрі қарай медиацияны насихаттау жұмыстарында ынтымақтастық жалғасатына сенім білдірді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы