Архив событий

02/12/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сайыс

02/12/2016
30қараша 2016 жылы Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Өз тіліңді құрметте» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы

02/12/2016
Арызданушы Д азамат К-ні арызданушының әкесі деп тану туралы арызбен сотқа жүгінді, дүниеге келгенде арызданушының анасы әкесін азамат Д деп көрсеткен себепте.
Сот тараптардың түсініктемесін тыңдап, жазбаша іс құжаттарын зерттеп, арызды қанағаттандырды.

Материалдық залалды өндіру туралы

02/12/2016
Талапкер «АК – 159/25» ММ сотқа жауапкер А-дан материалдық залалды өндіру туралы талап арызымен жүгінді, жауапкер өз өзіне зақым келтіріп, жауапкердің емделуіне және дәрі-дәрмектерге 6 690 тенге шығын жасағанын айтты.
Сот тараптардың түсініктемесін тыңдап, жазбаша іс құжаттарын зерттеп, талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Қызметкердің құқығы қалпына келтірілді

02/12/2016
Талапкер «Т» жауапкер «Корпорация Казахмыс» ЖШС-на жұмысқа қайта орналастыру, мәжбүрлеп жұмыстан бос жүрген уақытының еңбек ақысын, заңсыз жұмыстан босатылған уақытының еңбек ақысын және өкілдікке төленген сот шығынын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Жылжымайтын мүлікті шектеуден босату туралы

02/12/2016
Талапкер С. Жезқазған қалалық сотка Әділет басқармасы, Н жауапкерлерге сатып алған жер үйіне салынған шектеуден босату туралы талап арызымен жүгінді, сатып алу сату шарты бойынша міндеттерін толық орындаған себептен.
Сот тараптардың түсініктемесін тыңдап, жазбаша іс құжаттарын зерттеп, талап арызды қанағаттандырды.

Сотпен азаматтық іс қаралды

02/12/2016
Талапкер О. Жезқазған қалалық сотқа жауапкер Т.-ға өз еркімен басып алған жер учаскесін босату туралы талап арызымен жүгінді.

Алимент төлеуден босатылды

02/12/2016
Жезқазған қалалық сотында талапкер Ш.-тың жауапкер С.-ға алимент төлеуден босату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Тараптар арасындағы дау татуласумен аяқталды

02/12/2016
Жезқазған қалалық сотында талапкер Ч.-ның жауапкер Ш.-ға екеуінің ортақ мүлікті бөлісу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісінде тараптар ұсынған бітімгершілік келісім бекітіліп, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277 бабының 5 тармағына сәйкес іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.