Архив событий

21/12/2016

Коммуналдық меншікке алу

21/12/2016
Ақтоғай аудандық сотымен арыз беруші «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің пәтерлерді коммуналдық меншікке алу туралы арызы қаралды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді

21/12/2016
Ауданның ішкі саясат бөлімі жергілікті басылым «Шет шұғыласы» газетіне «Үмітін үкілеген үздіктерге» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірнеше номинацияларға барлық мекемелер мен ұжымдардан конкурс түрінде ұсыныстар қабылдау туралы хабарлама жариялаған болатын. Аталған іс – шараға Шет аудандық сотының ұжымы қатысты.

Шет аудандық сотында семинар өткізілді

21/12/2016
Іс-шараға төраға Д.Қ.Бурабаев, судья Е.М.Ушбаев, кеңсе меңгерушісі Л.Ж.Тойғанбекова сондай – ақ кеңсе мамандары қатысты.
Төраға Д.Қ.Бурабаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20 маусым 2015 жылғы «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» №1 нормативтік қаулысына кеңірек тоқталып баяндама жасады.

Қазыбек би аудандық сотымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21/12/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты атынан сот төрағасы Ш.М. Әбдіров, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық Әкімдігі атынан әкімі Т.Н. Шатохинамен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс медиацияны қолданумен аяқталды

21/12/2016

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық соты талапкер М. жауапкер Д. жұбайын асырап бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық істі медияция қолдану арқылы қарап, келісімді бекітті. Тараптар келесі келісімге келген әр айдың 30-на дейін жауапкер 20 000 теңгеден талапкерге баласы 3 жасқа толғанша, 2016 жылдың тамыз айына төлейді. Азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Мемлекет кірісіне 13 027 154 теңге өндірілді

21/12/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" ММ-нің жауапкер Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен берешек соманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ережені сақтамай қылмыстық теріс қылық жасаған

21/12/2016
Балқаш қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 1 - тармағы 345 бабында көзделгендей, қылмыстық теріс қылық жасағаны жөніндегі айыптау бойынша азамат М.-ның қылмыстық ісі қаралды.