Архив событий

14/12/2016

Былапыт сөздерді кешірді

14/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әскери қызметкер Б. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Ол өзінің борышы бойынша жанұянды қорғау орнына, үйінде мас күйінде ұрыс ашып, әйеліне балағат сөздер айтып, оның ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіріп, отбасының тыныштығын бұзған.

Соттың шешімімен пәтерді жалдау шарты жарамсыз деп танылды

14/12/2016
«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі жауапкер аз.А-ға мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үйді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінді. 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтау

14/12/2016
Ақтоғай ауданының Мәдениет Үйінде Қазақстан Республика тәуелсіздігінің 25 жылдығынга арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға аудан еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, фермерлер, білім, денсаулық, спорт саласының қызметкерлері қатысты.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл салынды

14/12/2016
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен аз. Д. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. 1б. сәйкес әкімшілік қарастырылды.
Аз.Д қарағанды қ. автостанциясында болып шекілдеуік шегіп қабығын жерге тастаған, осыған сәйкес қоғамдық орынды ластады және қоғамдық тәртіпті бұзды, сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасады.

Сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты

14/12/2016
Бұқар-жырау ауданның №2 аудандық сотымен аз. Т. мүддесін қорғайтын қорғаушының әкімшілік құқықбұзушылық туралы жасалған хаттамаға және лауазымды тұлғаның іс–әрекетіне шағым қарастырылды.

Құқық бұзушылық үшін қамауға алу

14/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚбҚ-нің 434- бабы 1-бөлімімен  азамат З. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс бойынша, азамат З. қоғамдық орнында болып,темекіні шегіп, оның қалдығын жерге тастады.

Арулар темекінің қалдығын қоқыс салатын жәшікке тастандар

14/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚбҚ-нің 434-бабы 1-бөлімімен әйелдер қатысты үш әкімшілік іс қаралды. Барған сайын жақсылық және сұлулықты өмірге әкелетін кейбір әйелдер, еркек азаматтарынан үлгі алып, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзуға дейін барады. Бұл әйелдер темекіні тартып, оның қалдықтарын жерге тастаған.

Отбасылық жан-жал үшін қамауға

14/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты М. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Ол өзінің үйінде мас күйінде ұрыс ашып, әйеліне балағат сөздер айтып, оның ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіріп, отбасының тыныштығын бұзған.

Балалардың құқығын қорғау

14/12/2016
Шахтинск қалалық сотында БХҰ Конвенциясы, «Балалар құқығы туралы», «Қазақстан Республикасында Балалар құқығы туралы» ҚР Заңдар бойынша семинар-тренинг өткізілді.
Судья Д.Н.Мақсұтов модератор ретінде сөз сөйледі, баяндаушы- Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің балалардың құқығын қорғау және тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі С.А.Құрмашева .

Шахтинск қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдау бойынша іс-шара өткізді

14/12/2016
Шахтинск аймағында  кәсіпқой медиатор Марина Геннадьевна Мажаева өз жұмысын бастады, ол соттағы медиация институтын одан әрі дамыту туралы ұсыныспен жүгінді. Сот төрағасы, жеке айыптау қылмыстық істері бойынша тараптар арасындағы жанжалдарды реттеуге назар аударуды ұсынды. Сот ғимаратының холлында істер бойынша белгіленген сот отырыстарының кестесі мәлімет үшін ілінген.