Архив событий

09/12/2016

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

09/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару) бойынша Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қамауға алынды

09/12/2016
Қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде жүргені үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігі бойынша құқық бұзушы Ф.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Бұйрықты орындамағаны үшін қамауға алынды

09/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әскери қызметкер К.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 652 бабының 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жерді ластаған үшін 10 тәулік

09/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 434 бабының 2 бөлімі бойвнша азамат Е.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы қоғамдық орында яғни көшеде, шөлмек жерге тастады, сөйтіп ол өзінің іс-әрекетімен ортақ пайдаланатын қоғамдық жерді ластаған.

Жол қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы

09/12/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігі бойынша азамат В.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Теміртау қалалық сотында аумақтық сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және келішулер үшін ішкі объектілік тәртіп бойынша семинар өткізілді

09/12/2016
Теміртау қалалық сотында, сот ғимаратына кіру – шығу тәртібін сақтау, сотқа бөтен тұлғалардың келуін жоққа шығару, соттың терроризмге қарсы қорғауының деңгейін көтеру, судьялар мен мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы аумақтық сот ғимаратының кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және келішулер үшін ішкі объектілік тәртіп» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Қарағанды облыстық сотында жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды

09/12/2016
Қарағанды облыстық сотында «Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Октябрь аудандық соты азаматтарды қабылдады

09/12/2016
Азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.
Азаматтарды қабылдауды Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрайымы Ә. Марданова жүргізді.

Шет аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбына арналған семинар сабақ өтті

09/12/2016
Аталған шара кезінде судья Е.Үшбаев ҚР-ның АІЖК-ін қабылдаудың басты мақсаты, сот төрелігін сотқа жүгінген уақыттан бастап істің шешілуіне дейінгі аралықтағы уақыт шығынын азайту, сондай-ақ бұзылған құқықты барынша тиімді қалпына келтіру болғаны туралы атап өтті.

Сот көршілердің арасындағы дауды шешті

09/12/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық соты талапкер Ш.-тың жауапкер М.-ға заңсыз салынған шаруашылық құрылыстары мен тұрғын үйге іргелес салынған құрылысты бұзуға мәжбүрлеу, моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Жаңаарқа аудандық сотында "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді

09/12/2016
Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Б. Серғалиев жүргізді.
Аталған іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.

Ұрлық істегені үшін жазаланды

09/12/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Трудовое ауылы тұрғынын ҚР ҚК–нің 188 бабының 1 бөлігі (Ұрлық) бойынша 1 жыл 5 айға бас бостандығын шектеуге тартылды.

Істердің жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу жөнінде семинарлық сабағы өтті

09/12/2016
Қарағанды облыстық сотында бейнекоференц байланыс арқылы істердің жеке санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу жөнінде семинарлық сабағы өткізілді.
Іс-шара Жоғарғы Соттың судьясы модератор, Ұ. А Сүлейменовамен, сондай-ақ сарапшы, отставкаға кеткен судьялар, еркін медиатор Манфред Штендермен өткізілді.

Сотпен борышкердің үлесі анықталды

09/12/2016
Сот орындаушы борышкердің үлесін анықтау туралы ұсыныспен сотқа жүгінді.
Атқару параққа сәйкес, өңдірушінің пайдасына борышкерден 2 271 600 теңгені өңдіру туралы атқару өңдірісі қозғалды. Борышкер өңдірушіге бір миллион теңге берешекті өтеген, ал қалған берешекті өтеуден жалтарған.

Жеке айыптау шағымымен қозғалған іс құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты қысқартылды

09/12/2016
Шет аудандық сотымен жеке айыптау шағымымен қозғалған іс құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты қысқартылды. Сотқа «Нұрдаудет» бөбекжайы» КМҚК-ның басшысы Т. сол бөбекжайдың тәрбиешісі Н.-ды қылмыстық жазаға тарту туралы шағымы түскен.