Қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде жүргені үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігі бойынша құқық бұзушы Ф.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы бұрын да бір жыл iшiнде екi рет осындай әрекеті үшін әкiмшiлiк жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орында алкогольді мас күйде жүрген.
Сот отырысында Ф. кінәсін толық мойындады және істеген іс-әрекетіне өкінді.
Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды және 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі