Жүргізу құқығынсыз мас күйінде мотоциклді жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру).
Азамат Б. Қарағанды қаласы, Ерубаева көшесінде автокөлікті жүргізуге құқығына ие болмай, «Рейсер» маркалы мотоциклді мас күйінде жүргізді.
Сот залында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.
Сотпен азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Источник: 
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілк сотының баспасөз қызметі