Архив событий

05/08/2016

Қарқаралы аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізіледі

05/08/2016
Қарқаралы аудандық соты 2016 жылдың 9 тамызында сағ. 10:00 - 12:00 аралығында сот ғимаратында «Медиация күні» республикалық акциясы шеңберінде «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізеді.
Азаматтарды сот төрағасының м.а. М.М. Мухамбеткалиева, кәсіби емес медиаторлар қабылдайды.

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттар қанағаттандырылды

05/08/2016
Қарқаралы аудандық сотымен Қарқаралы қаласындағы «Халық банк» АҚ-ның бөлімшесіне қарулы шабуыл арқылы қарақшылық жасағаны жөнінде күдікті болып табылған үш адамға қатысты  ішкі істер бөлімінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттары  қанағаттандырылды.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемеу үшін айыппұл

05/08/2016
Осакаров ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабы 8 бөлігі бойынша (жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) Молодежный кентінің тұрғыныны кінәлі деп танылған.

Бетке түкіргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

05/08/2016
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434 бабының 1 бөліміне  сәйкес, Теміртау қаласының тұрғыны азаматша С. қатысты ісі қаралды.

Жол жүргізу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыпбұл

05/08/2016
Қарағанды облысы Бұқар-жырау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Тараптардың татуласуына байланысты қамаудан юосатылды

05/08/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған азамат Д.-ға қатысты әкімішілік іс қарастырылды.

Ерікті халық жасақтары (ЕХЖ) патруль жүргізулеріне кіріседі

05/08/2016
Қарағанды қаласының көшелерінде Ерікті халық жасақтары (ЕХЖ) патруль жүргізулеріне кіріседі. Рейдті полиция қызметкерлерімен бірге жүргізсе де, азаматтардың сенімі мен сыйластығы жасақтардың қабілеттілігіне көп байланысты болады: құқықбұзушылық (қылмыс) байқау, оны адамдарға түсіндіріп алдын алу немесе шара қолдану.

«Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және әрекетке қабілетсіз ата-аналар үшін ювеналды әділеттің қолжетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел

05/08/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және әрекетке қабілетсіз ата-аналар үшін ювеналды әділеттің қолжетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.