Архив событий

08/08/2016

Дөнгелек үстел басында кездесті

08/08/2016
Қарқаралы аудандық сотымен «Медиация күні» республикалық акцияға арналған дөнгелек үстел шарасы өткізілді.
Шараға Қарқаралы аудандық сот төрағасынның м.а. М.Мухамбеткалиева, сот мамандары, «Қарқаралы» газетінің тілшісі Д.Ыдырысов, кәсіби емес медиаторлар А.Омаров, А.Абеуов, аудан әкімдігінің бас маманы К.Түсіпов қатысты.

Сотта республикалық акция шеңберінде «Медиация күні» өткізілді

08/08/2016
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының сотқа дейінгі және соттағы кезеңдерде дауларды (жанжалдарды) реттеу мақсатындағы өзара ынтымақтастық Меморандумын іске асыру жоспарын орындау мақсатындаа Осакаров ауданының №2 аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акция шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.

Өз жұмысына қайта орналастырылды

08/08/2016
Сәтбаев қалалық сотымен аз.С.-тың «Сәтбаев қаласының білім беру бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «№ 15 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналды мемлектеттік мекемесіне жұмысқа қайта орналасу және шарасыз қыдырымпаздық кезеңі үшін төлем өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жәбірленушімен татуласқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды

08/08/2016
Қарағанды облысы Cәтбаев қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлімінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпталған азамат С.-қа қатысты қылмыстық істі қарады.
Азамат С. ұрлық жасаған, бөгде адамның мүлкін жасырын түрде ұрлаған.

Анасын қорлағаны үшін үш тәулікке қамалды

08/08/2016
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша азамат С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат С. Сәтбаев қаласындағы пәтерде мас күйінде бола, анасының намысына келетін балағат сөздер айтып, өзін агрессивті ұстап, айтылған ерскертуге мән бермеген.

Шет аудандық соты «Медиация күні» аясында «Ашық есік күнін» өткізді

08/08/2016
Шет аудандық соты «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдану күніне 5 жылдық қарсаңында аудандық әкімдікпен бірлесіп «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараға Шет аудандық сотының судьялары, әкімдіктің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, ауыл тұрғындары және жергілікті газет «Шет шұғыласы» газетінің өкілі қатысты.

Шет аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәжірибеде қолдану тиімділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

08/08/2016
Шет аудандық сотымен аудандық сотының судьясы Е.М. Үшбаевтың, аудандық сотының қызметкерлері, Шет қалалық әкімдігінің заңгері А. Тоқбалинның, Шет ауданының кәсіби емес медиаторлары Е.Ж. Жәнібеков және Ж. Сүлейменовтың қатысуымен «Медиация туралы» Заңының тәжірибеде қолдану тиімділігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

«Медиация күні» қарсаңында Шахтинск қаласында «Ашық есік күні» өтті

08/08/2016
Шахтинск қалалық сотында Қазақстан халқы ассамблеясы қамқорлығымен «Медиация күні» республикалық акциясына арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы Д.А. Даутов, бітістіру рәсімдері бойынша үйлестіруші судья А.А. Садыкова, кәсіби емес медиатор Р.М. Майдина, Шахтинск қаласы әкімдігінің заң бөлімінің маманы А.Т. Айтышев және т.б.

Осакаровкада «Медиация күні» өткізілді

08/08/2016
Жоғарғы Сот және Қазақстан халықтар ассамблеясының арасында сотқа дейнгі және соттан тыс дауды (жанжал) реттеу институтын жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық меморандумын іске асыру жоспарын орындау барысында Осакаров ауданы әкімдігінде Осакаров аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясына арналған семинар өткізілді.

Теміртау қалалық соты Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлесе отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Медиация күні» республикалық акциясына арналаған «Ашық есік күні» іс шарасын өткізді

08/08/2016
Теміртау қалалық соты Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен бірлесе отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Медиация күні» республикалық акциясына арналаған «Ашық есік күні» іс шарасын өткізді.

Сәтбаев қаласында «Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» өтті

08/08/2016
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Халқы ассамблеясының арасындағы дауларды (жанжалды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту жөніндегі ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру жоспарын орындау мақсатында Сәтбаев қалалық сотында «Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Шет ел азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды

08/08/2016
Қарқаралы аудандық сотымен шетелдіктің Қазақстан Республикасына келу және тұрып жүруін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету Ережелерін бұзған 9 шетел азаматтарына қатысты 16 әкімшілік материалдар қаралған. Құқық бұзушылықтар тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмау, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру түрінде көрінген.

Көпірлі крандардың пайдалануы тоқтатылды

08/08/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігі Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комиттетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-нің өндіріс дайындау біріктірілген базасының копрлық учаскесіндегі көпірлі крандардың, әктас күйдіру цехын, ыстық прокаттың табақ өндірісін пайдалануын тоқтата тұруы туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл

08/08/2016
Сот актісін орындамаған үшін Қарқаралы аудандық соты аудандық өндірістік телекоммуникация торабының директоры К.–ға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды.
Құқық бұзушы сотпен 2 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, бірақ жүргізуші куәлігін ішкі істер бөліміне тапсырмаған.