Осакаровкада «Медиация күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жоғарғы Сот және Қазақстан халықтар ассамблеясының арасында сотқа дейнгі және соттан тыс дауды (жанжал) реттеу институтын жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық меморандумын іске асыру жоспарын орындау барысында Осакаров ауданы әкімдігінде Осакаров аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясына арналған семинар өткізілді.
Акцияға қатысу үшін прокуратура, құқық қорғау органының, аудандық мекемелер мен ұйымдардың заңгерлері, басшылары мен өкілдері, аудан және округ әкімдері, кәсіби емес медиаторлар шақырылды.
Семинар барысында судья С.М. Мырзахметов кәсіби емес медиаторларға қылмыстық және азаматтық істерді қарауда медиация арқылы аяқтау жұмыстарын белсенділендіру қажеттігін атап өтті.
Іс-шара қатысушылары пікірлерін айтып, талқылады.

 

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі