Архив событий

22/08/2016

Қарағанды облыстық сотында 2016 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

22/08/2016
Сот жұмыстарының қорытындысы бойынша халықты ақпараттандыруды жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облыстық сотымен 2016 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды

22/08/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Н. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Ол өзінің үйінде мас күйінде ұрыс ашып, әйеліне балағат сөздер айтып, оның ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіріп, отбасының тыныштығын бұзған.

Сот неврологиялық сырқатпен ауыратын азаматтың жүргізу куәлігін жарамсыз деп танды

22/08/2016
Ақтоғай аудандық сотында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы ішкі істер департаменті» ММ-нің жауапкер Е.-нің көлік құралдарын басқару құқығының жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен қоғамдық жұмысқа тартылды

22/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК 346 бабы 1 тармағында (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) көзделген қылмыстық қылық жасағанына айыпталған Ф. азаматына қатысты қылмыстық ісін қарады.

Бітімгершілік келісім бекітілгеніне байланысты іс қысқартылды

22/08/2016
Азаматша Ш. азамат А.-дан қарыз соманы өндіру туралы талабымен сотқа жүгінді.
Жауапкер одан қарызға бірнеше қой және ешкі сатып алған, бірнеше ай ішінде қарызын өтейтініне міндеттенді. Алайда, қарызын қайтарған жоқ, міндетін орындаудан бас тартады.

Тәтті өмір сүрудің де қайтарымы бар

22/08/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215 бабы 3 бөлімі, 215 бабы 3 бөлімінде (Жалған кәсіпкерлік) көзделген қылмысты жасады деп айыпталған азаматша Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұқар-Жырау аудандық сотында "Ашық есік күні" өтеді

22/08/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотында Конституция күніне орай, 2016 жылдың 25 тамыз күні сағат 11.00-де «Халыққа құқықтық көмек көрсету» атты тақырыбында «Ашық есік күні» өтеді.
Барлық қатысушылардың өз еркімен қатысуын сұраймыз.

 

«Заңды тұлғалар және азаматтардың конституциялық құқықтарының сот қорғауы» тақырыбына дәріс өткізілді

22/08/2016
Октябрь аудандық сотының судьясы И.Л.Демидова «ТИАТР» Трансұлттық компаниясы» ЖШС қызметкерлеріне «Заңды тұлғалар және азаматтардың конституциялық құқықтарының сот қорғауы» тақырыбына дәріс оқыды.