Архив событий

18/08/2016

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің сағат 22.00-ден кейін кафеде жүргені ойын сауық орнының әкімшісіне айыппұлға айналды

18/08/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132 бабының 1 бөлігі бойынша әмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Октябрь аудандық сотында сот үкімін дайындау кезіндегі ерекшеліктері талқыланды

18/08/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында «Қазақстан Республикасы ҚПК-не сай сот үкімін дайындау кезіндегі ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар сот төрағасы м.а. Г.З.Базылованың төрағалығымен өтті. Сонымен қатар қылмыстық істерді қарауына мамандандырылған судьялар А.Т.Жуванышева, А.Ж.Абдыкамалов, А.С.Кусаинов және қылмыстық қеңсе маманы Б.Ж.Исабаев қатысты.

Қарағандыда баспасөз қызметтерімен БАҚ-тың өзара ықпалдастық мәселесі бойынша семинар-тренинг өтті

18/08/2016
Қарағанды қаласы «Нұр Отан» Партиясының ғимаратында «Қарағанды облысының баспасөз қызметтерімен БАҚ-тың өзара ықпалдастық: ақиқат және үміт» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға облыс соттарының баспасөз қызметтері, «Нұр Отан» партияның Қарағанды филиалдарының баспасөз қызметтері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері.