Архив событий

31/08/2016

Шет аудандық сотында еліміздің Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

31/08/2016
Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Л.Ж. Тойганбекова және сот мамандары мен Шет аудандық ішкі істер бөлім қызметкерлері қатысты.
Мерекелік жиналыс Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты орындалуымен басталды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

31/08/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 бабы 1 бөлігі; 188 бабы 2 бөлігі 2, 3 тармақтары; 188 бабы 2 бөлігі 2 тармағы бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) Молодежный кентінің тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

ПИК қызметтері үшін қарыз өндірілді

31/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен тұрғын үймен жалпы мүлікті шығындауға төленген қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Сотта жаңа судьяны таныстырды

31/08/2016
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ж.Е. Кенжин сот ұжымына жаңадан тағайындалған судья – Гауһар Рақымбайқызы Сейкишеваны таныстырды.
Іс шарада сот орындаушылары, қорғаушылар, Бұқар жырау ауданының ІІБ Тельман полиция бөлімінің және прокуратура қызметкерлері қатысты.

 

Әкімшілік айыппұлға тартылды

31/08/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611 бабының 3-бөлігі бойынша (жол көлік оқиғасында көлік жүргізушісімен міндеттерін орындамау) және 608 бабының 8 бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынсыз, мас күйінде жүргізу) А. азаматшаға қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.