Архив событий

17/08/2016

Автокөлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

17/08/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 608 бабы 1 бөлімі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Н. «Lada 111730214» маркалы автокөлікті мас күйінде жүргізген.

Ақшалай төлем төленумен меншік құқығы негізінде тиесілі жер учаскесінен мәжбүрлеп айыру

17/08/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер Қарағанды облысы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің азамат С.-қа мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскесінен және жылжымайтын мүліктен айыру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот шешімімен «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің талап арызы қанағаттандырылды.

Пара алғаны үшін сотталды

17/08/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен сотталушылар Т. мен М.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Сот жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемегені үшін айыппұл өндіріп алу туралы қаулы шығарды

17/08/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 282 бабы 8 бөлігі бойынша (Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) Молодежный кентінің тұрғыны кінәлі деп танылған.

Еңбек өтілі фактісі анықталды

17/08/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында азаматша П.-ның еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

«Ашық есік күні» кәсіби медиатормен бірге өтті

17/08/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Диалог» ЖҰ кәсіби медиаторы Елена Петровна Шалимовамен ашық есік күні өтті.
Медиатор ювеналды соттың судьялары мен сот мамандарына және ювеналды полиция өкілдеріне медиаторлық рәсімін қолдану мен дамыту бойынша кеңесін берді.

Қылмыстық іс қысқартылды

17/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 131 бабының 1 тармағы (Қорлау) бойынша жеке айыптау тәртібімен қылмыстық ісін қарады.
Сотта Ж., Н. және С. азаматтары арасында дау орын алғаны анықталды. Дау кезінде Ж. және Н. азаматтары С. азаматын қорлаған, сол себептен ол сотқа шағымданып арыз жазған.

Сот шешімімен әкелікті тану және алимент өндіру туралы талап арыз толық қанағаттандырылды

17/08/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер азамат В.-ның жауапкер азамат Ц.-ға әкелікті тану және баланы асырап бағу үшін алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот үкімін орындамағаны үшін қамауға алынды

17/08/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушы Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

ЖОО-да оқығаны үшін қарыз өндірілді

17/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты оңайтылған іс жүргізу тәртібімен ЖОО-да оқығаны үшін төлеген қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Жезқазғанда полиция қызметкеріне зәрді төккен азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихаты өтті

17/08/2016
Жезқазған қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін К.А. Елубаевқа қатысты қаралған резонансты қылмыстық іске арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.
Іс-шараға «Дидар» телеарнасының тілшісі және жергілікті басылымдар «Подробности» мен «Мысты өңір» газеттерінің тілшілері қатысты.