Архив событий

26/08/2016

Көші-қон заңнамасын қолдану туралы

26/08/2016
Жаңаарқа аудандық сотында судья Б.К. Каримованың басшылығымен жергілікті полиция қызметінің бастығы Ж. Тукушевтің, көші-қон полиция тобының аға инспекторы А. Молдабаевтың және ішкі істер қызметкерлерінің, сот қызметкерлерінің қатысуымен «Көші-қон заңнамасын қолдану» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

26/08/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Коституция күнін тойлау қарсаңында, «Халыққа құқықтық көмек» атты «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының төрағасы м.а. Г.З. Базылова, судья Р.С. Сағындықова, кеңсе меңгерушісі Е. Хуанган қатысты.

Сәтбаев қаласында жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды

26/08/2016
Сәтбаев қалалық сотында БАҚ өкілдері және Сәтбаев қаласының әкімдігі, прокуратура өкілдері, адвокаттардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 17 тамызындағы № 307 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судья Фатима Жумахановна Абдукадырованы таныстыру рәсімі өтті.

Іс медиация тәртібінде қысқартылды

26/08/2016
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200 бабы 1 бөлігі бойынша азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Бұқар жырау ауданы Қызыл қайын ауыл округінде орналасқан КХ «Николаевское» аумағында азамат С. алкогольді мас күйінде Т40 маркалы тракторды айдап кетті.

Немқұрайлылық салдарынан түрме торына түсті

26/08/2016
Азамат А. Атасу ауылының Тәуелсіздік даңғылында болып, белгіленбеген орында темекі қалдығын жерге тастаған. Осымен,  ортақ пайдалану орның ластап, ұсақ бұзақылық жасаған. Бұрын ол Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сотпен коммуналдық қызмет бойынша борыш өндірілді

26/08/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты «Молодежный кешені» ЖШС-нің Молодежный кентінің тұрғынына қатысты 13 198 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемдері бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.
Борышкерге жылумен қамтамасыз ету,  ас сумен қамтамасыз ету, ағын суларды бұру, қоқсықты шығару шарттарға сәйкес қызметтер ұсынылды.

Қарыз өндіру туралы бұйрығының күші жойылды

26/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен К. азаматына қатысты бұрын сот бұйрығын шығару тәртібімен суық су беру бойынша қарызды өндіру туралы шығарылған сот бұйрығының күшін жою туралы арыз қаралды.

Бұйрық тәртібінде қарыз өндірілді

26/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен Б. азаматына қатысты бұйрық шығару тәртібімен суық су беру бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Заңсыз тариф бойынша есептер тоқтатылды

26/08/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Тазасу» КМК-нің «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС-нен артық төленген 8 698 239 теңге сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Мәжбүрлі түрде маскүнемділіктен емделуге жолданды

26/08/2016
«Осакаров ауданының орталық аудандық емханасы» КММ-сі Осакаров аудандық сотына азамат А.-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге емдеу-профилактикалық арнайы мекемеге жолдау туралы ұсынымхатпен жүгінді.

Ұрыс үшін үш тәулікке қамалды

26/08/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушы Б.-ға қатысты іс қарады.
Азамат Б. мас күйінде өз үйінде азаматтық әйеліне былапыт сөйлеп, намысына тиетін сөздер айтқан.