Архив событий

10/08/2016

Жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг

10/08/2016
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологымен Жезқазған қаласының балалар үйінде балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған «Тұлғалық мінезді дамыту мен тәрбиелеу тақырыбында» психологиялық тренинг жүргізілді.

Экономикалық сотымен видеоконференция байланысы арқылы сот ісі жүргізілді

10/08/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Жезқазған қалалық соты бірігіп, видеоконференция байланысы арқылы Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» АШ-тың «Ж» ЖШС-тен 398 174 теңге берешек сомасын және 74 675 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы азаматтық ісі бойынша сот отырысын өткізді.

«Ашық есік күні»

10/08/2016
Жоғарғы Сотпен Қазақстан халқы Ассамблеясының арасында сотқа дейнгі және соттан тыс дауды (жанжал) реттеу институтын жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумын іске асыру Жоспарын орындау барысында, Осакаров аудандық соты республикалық «Медиация күні» акциясына арналған «Ашық есік күнін» өткізді.

Кәмелетке толмаған жасаған бұзақылық

10/08/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша азаматша С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты «Медиация күні» аясында «Ашық есік күнін» өткізді

10/08/2016
Октябрь аудандық соты «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдау күнінің 5 жылдық қарсаңында «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараға Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрайымының м.а. Г.З. Базылова, судьялар Д.М. Шушаева мен Г.Т. Аубакирова және кәсіби емес медиатор С.Б. Тулеуов қатысты.

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «Медиация күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен Октябрь аудандық сот төрайымының м.а. Г.З. Базылованың, судьялар Д.М. Шушаеваның және Г.Т. Аубакированың, прокурор Л.Р. Шаматаеваның, Октябрь ауданы әкімдігінің өкілі Г.К. Рахимжанованың, адвокаттар С.К. Карибаев пен А.Е. Баталованың, Октябрь аудандық ПБ-нің тергеушісі Д. Қайратұлының, ЖШС «Караганды Су» өкілі К. Нурмагамбетовтың және кәсіби емес медиатор Б. Тулеуовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

10/08/2016
Өткен жылы Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексі қабылданған, ол 2016 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енді.
Жаңа кодекспен сот сатылары елеулі өзгеріліп, бұрынғы процессуалдық кодекспен қарастырылмаған жаңа процессуадық нормалар күшіне енді.

«Ашық есік күні» медиаторлардың қатысуымен өткізілген

10/08/2016
Қарқаралы аудандық соты «Медиация күні» республикалық акция шеңберінде аудан медиаторларының қатысуымен «Ашық есік күні» шарасын өткізді.
Шара туралы хабарлама жергілікті «Қарқаралы» газетінің беттерінде, Қарағанды облыстық сотының сайтында жарияланған болатын.

Татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

10/08/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «1,3» тармақтары (Тонау) бойынша М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот шешімімен ата-ана құқығы қалпына келтірілді

10/08/2016
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында П-ның А-ға ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.