Архив событий

29/08/2016

Қоғамға сыйламаушылық бiлдiргені үшін, қоғамдық тәртiптi бұзғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

29/08/2016
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Теміртау қаласының тұрғыны аз. Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлімі (Қоғамдық жерді ластау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Сақтандыру төлемақыны төлеуден заңсыз бас тарту

29/08/2016
Шахтинск қалалық сотына талапкер Ш. жауапкер «НОМАД – life Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның денсаулыққа келтірілген зиян бойынша сақтандыру төлемақыны жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы өтінішімен сотқа жүгінді.

Татуласу іс-әрекетте

29/08/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК 131 бабы 2 бөлігі (Жария жасалған тіл тигізу) бойынша жеке айыптау бойынша азамат Ч.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша медиативті келісім бекітілді.

Шахтинск қалалық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

29/08/2016
Елбасының «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және босату» туралы 17 тамыз 2016 жылғы №307 Жарлығына сәйке Шахтинск қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі судьясы болып Р.К. Танабаев тағайындалды.
Танабаев Р.Х. 2005 – 2016 жж. Алматы қаласының соттарында маман қызметін атқарған.

Тағайындалған судьялар сот төрелігін атқаруға кірісті

29/08/2016
«Қазақстан Республикасы аудандық және оған теңестірілген соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жезқазған қалалық сотының судья қызметіне Е.Ж. Аймағамбетов пен В.А. Сулейменова тағайындалды.

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының өкілдері психикалық аурулармен ауратын балаларға кіріп шықты

29/08/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының өкілдері, Қазақстан Республикасы Конституция күнін тойлау қарсаңында, кәмелет жасқа толмаған психикалық ауруларымен ауратын балалары бар «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-ға кіріп шықты.