Архив событий

16/08/2016

Қылмыстық іс бойынша тараптардың татуласуы

16/08/2016
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында азамат М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК–нің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағында (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Соттар Әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан Ахашов «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына сұхбат берді

16/08/2016
Бүгін "Қарағанды облысының соттар Әкімшілігі" РММ басшысының орынбасары Д.Г. Ахашов «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына сұхбат берді.
Журналист Ботабек Маратұлымен тілдесуде Дархан Ахашов Қазақстан соттарына енгізіліп жатқан заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Сотқа кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процесстік келісімдермен қылмыстық іс келіп түсті

16/08/2016
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотында О., В., Ф.-қа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2 бөлігінің 1, 2, 3 тармақтарында (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бiрнеше рет тұрғын үйге заңсыз кiрумен жасырын жымқыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды

16/08/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша Г. азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен көлік салығы бойынша борыш өндірілді

16/08/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты «Осакаров ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің Ақбұлақ ауылының тұрғынына қатысты 40 670 теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.