Архив событий

11/08/2016

Әкелікті тану фактісі анықталды

11/08/2016
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотында әкелікті мойындау фактісін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды. Азаматша Я. 2001 жылдан бастап азамат Б.-мен азаматтық некеде тұрған. Некенің нәтижесінде олардың ұлдары дүниеге келген. Азамат Б.-ның қайтыс болуына байланысты некелерін заңды түрде тіркеуге үлгермеген.

Ақтоғайда медиатордың қатысуымен семинар өтті

11/08/2016
Ақтоғай аудандық соты Ақтоғай ауылының әкімдігімен бірлесіп «Медиация институты» тақырыбына семинар ұйымдастырып өткізді.
Іс-шарада кәсіби емес медиатор М. Сатмагамбетов «Медиаторлар қызметі» туралы баяндама жасады. Іс шараға ауылдық округ әкімдігінің мамандары, әділет органы мен АХАЖ органдарының аумақтық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Қарыз сотпен өндірілді

11/08/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер аз.Р.-дың аз.У.-дан қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тәжірибелік көмек көрсетілді

11/08/2016
Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбековпен 2016 жылдың 15 қаңтарда бекітілген жұмыс жоспарына сай Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қарағанды қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының БАҚ-мен өзара әрекеттесу жұмысын тексеріп, сондай-ақ, тәжірибелік көмек көрсету бойынша шаралар қолданды.