Әкімшілік айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611 бабының 3-бөлігі бойынша (жол көлік оқиғасында көлік жүргізушісімен міндеттерін орындамау) және 608 бабының 8 бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынсыз, мас күйінде жүргізу) А. азаматшаға қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
А. азаматша көлік құралын басқару құқығынсыз, мас күйінде жүргізіп, көшедегі жарық шығаратын бағанаға соғылып, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерді тастап кеткен.
Аталған әкімшілік іс бойынша, сот қаулысымен А. азаматшаға әкімшілік жаза ретінде 148 470 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, А. азаматша көлік құралын басқару құқығынсыз, мас күйінде жүргізіп, көшедегі жарық шығаратын бағанаға соғылып, материалдық шығын келтірген.
А. азаматша екі кәмелетке толмаған балалардың анасы екен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50 бабының 2 бөлігіне сәйкес, әкімшілік қамау кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге және аяғы ауыр әйелдерге қолданылмайды. Осыны ескере отырып, сот қаулысымен А. азаматшаға әкімшілік жаза ретінде 296 940 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі