Архив событий

06/12/2016

Прокуратура, полиция және білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

06/12/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Д.Т.Сайхановтың төрағалық етуімен «Ұлттық мәдени орталықтар, кәмелетке толмағандардың басын қосу тәсілі, девиантты мінез құлықты қалыптастырудың алдын алуға көмектесу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Сотпен «Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не қатысты әкімшілік құқық бұзушщылық туралы іс қысқартылды

06/12/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен «Осакаров ауданының Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы 3 бөлігі (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Есірткі заттарды сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

06/12/2016
2016 жылдың наурыз айында полиция қызметкерлерімен тексеріс барысында азамат Б. салмағы 1,84 г. «марихуана» есірткі затымен ұсталған.
Сот отырысында Б. өз кінәсін толық мойындап, есірткі затын есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағанын айтты.

Сот оңайлатылған іс-жүргізу тәртібінде шешім шығарды

06/12/2016
Ұлытау аудандық сотымен талапкер «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» АҚ-ның жауапкер азамат Д.-ға қатысты оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер мен жауапкер арасында несие беру жөнінде келісім шарт бекітілген. Осы келісім шарт бойынша жауапкерге 500 000 теңге несие берілген.