Архив событий

30/12/2016

Қарағанды облысында жаңа соттар Әкімшісі таныстырылды

30/12/2016

Қарағанды облыстық сотында Қазақстан Республикасының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы А. Тоқсабаның бұйрығымен тағайындалған жаңа соттар Әкімшісі таныстырылды.

«Жаңа Жыл» қарсаңында

30/12/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірге Жаңа жыл қарсаңында «Бөтакөз» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету мақсатында барып қайтты.

Сот оңайтылған іс-жүргізу тәртібінде шешім шығарды

30/12/2016
Ұлытау аудандық сотымен талапкер ««Finance Арнайы қаржы компаниясы» АҚ жауапкер аз.К. қатысты оңайтылған іс жүргізу тәртібімен берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.  
Талапкер мен жауапкер арасында несие беру жөнінде №15735836-1417-ЭК/2007 санды келісім шартқа отырған. Осы келісім шарт бойынша жауапкерге 300 000 теңге несие берілген.

Қарағанды облыстық сотында балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара өтті

30/12/2016
Бүгін Судьялар одағының Қарағанды филиалымен балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара өткізілді, оған облыстық соттың балалары, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан және балалар үйінен балалар шақырылды.