Архив событий

27/10/2017

Оқып жатқан мерзімі аралығында алимент келісім бойынша төленеді

27/10/2017

Ұлытау аудандық сотының ұйғарымымен талапкер Т-ның жауапкер Б-ға кәмелеттік жасқа толған баласын оқып жатқан мерзімі аралығында асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызымен азаматтық іс бойынша дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ақтоғай аудандық сотымен борышкерге іздеу салынды

27/10/2017

Ақтоғай аудандық соты сот орындаушының алимент өндіріп алу атқарушылық өндірісі бойынша борышкерке іздеу  салу туралы ұсынысты қарады.

Аталған атқарушылық өндірісті орындау барысында, борышкердің тіркелген жері бойынша тұрмайтыны анықталып, ол туралы куәлардың қатысуымен акт жасалған.