Архив событий

31/10/2017

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты туған қызын өлтіргені үшін үкім шығарды

31/10/2017

27 шілде 2017 жылы Теміртау қаласында аса ауыр дәрежедегі кісі өлтіру оқиғасы болды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес азамат Каменев ішімдік ішіп алып, соның салдарынан оның айтқанын тыңдамай, ойнап жүрген кішкентай қызын өлтіру ойы туындаған. Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында баланың басынан қолымен, аяғымен соққылап, мойнынан қылқындырған. Көптеген дене жарақаттарын алған кішкентай қыз оқиға болған жерде көз жұмған.

2017 жыл 10 қарашада «Корпоративтік дауларды шешуде сот тәжірибесі» тақырыбында видеоконференцбайланыс әдісімен семинар өтеді

31/10/2017

«Бизнесті сотпен қорғау» жобасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 15.00-де «Корпоративтік дауларды шешуде сот тәжірибесі» тақырыбында видеоконференцбайланыс әдісімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот  судьясы А.К.Ескендировпен семинар өткізілу жоспарлануда.