2016 жылға арналған Соттың жұмыс нәтижелері қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Нұра аудандық сотының төрағасы С.М Жұмабеков сот жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін атқару бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.
Іс-шараға аудандық қоғамдық-саяси «Нұра» газетінің тілшісі Д.В. Швецов, соттың кеңсе меңгерушісі Ю. В. Цой және сот кеңсе мамандары қатысты.
Кездесу барысында Серік Маратұлы ұйымдастырылған іс-шараны ашып, жергілікті өткен жылдың 12 айы аралығында Нұра аудандық сотымен сот төрелігінің атқарылуы бойынша нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты баяндап берді. Оның ішінде, сот төрағасы статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, сотпен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің саны туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты, медиация тәртібімен қаралған істер, қылмыстық істер бойынша айыппұл түріндегі тағайындалған жазалардың орындалуы туралы ақпаратпен бөлісті.
Осыдан соң, сот төрағасы тілшінің қойылған сауалдарына жауап беріп, 2017 жылға жоспарланған «баспасөз-мәслихаттары», «дөңгелек үстелдер», «ашық есік күні» сияқты іс-шаралары туралы хабарлап, осы іс-шараларға үлес қосып, қатысуларына өтініш білдірді. 
Іс-шараның соңында сот төрағасы газеттің тілшісіне қатысқан үшін алғыс айтып, баспасөз-мәслихаты жабық деп жарияланды.

 

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз – қызметі