Адам ұрлағаны және ірі мөлшерлі қорқытып алғаны үшін 12 жылға сотталған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қалалық сотында К. қатысты ҚР ҚК-нің 251 бабының 1 бөлігі (қаруды, оқ-дәрiлердi, және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 192 бабының 2 бөлігі 1,4 тармақтары (қарақшылық, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл), 200 бабының 4 бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)), 125 бабының 2 бөлігі 1,3,4,8 тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, пайдакүнемдiк ниетпен жасалған адамды ұрлау), 194 бабының 3 бөлігі 2 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, деңсаулығына зиян келтіру қатерін төндіріп, ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық) бойынша қылмыстық іс қаралған.

Сотталушы К. анықталмаған басқа екі кісі тұлға тобында жәбірленуші В. қатысты үйінің ауласында қарақшылық жасады, соңғысын ұрлап, автокөлігін айдап кетті және қала жанындағы орман жаққа алып кетіп В. күш қолдану қатерін төндіріп ірі мөлшерде ақшаны қорқытумен талап етті.

Сот үкімімен К. қылмыс жасаған үшін кінәлі деп танылған. Оған 12 жыл мерзім аралығына бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз – қызметі