Ақтоғай аудандық соты 2017 жылдың 6 айлық жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшісі Әлімжанов Мүсіркептің қатысуымен, 2017 жылы 6 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.З. Касымбеков статистикалық мәліметтерді, істер санаттары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

2017 жылдың 6 айында 15 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық іс, 95 азаматтық іс, 54 әкімшілік істер қаралды.

Атап айтқанда, 8 сотталушыға қатысты 8 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 7 адамға қатысты 6 қылмыстық іс өндірісі қысқартылды, оның ішінде сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 4 адамға қатысты 4 қылмыстық іс.

Сонымен қатар 1 адамға 1 қылмыстық іс өндірістері кәсіпқой емес медиатор қатысуымен арқылы қаралған.

Сотта қаралған 95 азаматтық істер бойынша: 57азаматтық іс шешім шығару арқылы, 3 іс сот бұйрығын шығару арқылы қаралған, 6 іс өндірісі қысқартылған, соның ішінде медиация әдісін қолданумен 1 азаматтық іс бойынша қаралды.

Сонымен бірге, Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көптеген сұрақтарына жауап берілді.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі