Автокөлікті басқару мен ішімдік ішу бір-бірімен сәйкеспейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен құқықбұзушы азамат Б-ға қатысты ҚРӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткелік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. Шет ауданы, Красная- Поляна ауылының маңында автокөлікті масаң күйінде басқарып, қоғамда жол қауіпсіздігіне қатер келтірген. Сонымен ол Жол жүргізу Ережесінің 2 бөлімінің 4 тармағы 2 тармақшасын бұзған.

Сот қаулысымен аз.Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаға тартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі