Айыппұл қоғамдық жұмысқа ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар - Жырау ауданының №2 аудандық сотында Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаменті аумақтық №2 Бұқар -Жырау ауданының сот орындаушыларының К.Р. қатысты өтінімі қарастырылды.  
Қарағанды облысының Осакаровка ауданының сотының үкімімен К.Р.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 307б. 2 б., 341б. 2б. сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылған және 2000 айлық есептік көрсеткіш айып – пұл салынған.   
Өтінімге және сот орындаушының түсігіне,сонымен бірге, жазба құжаттарға сәйкес «Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаменті аумақтық №2 Бұқар -Жырау ауданының» сот орындаушыларының орындауында Қарағанды облысы Осакаровка аудынының атқару парағының негізінде  К.Р. мемлекеттің пайдасына 3 704 000 теңге айып - пұлды өндіру туралы орындау ісі бар. К.Р. атына жылжитын, жылжымайтын мүлік немесе жер участкесі тіркелмеген, жауапкер ресми еңбекпен қамтылған, сотталушының айып – пұлды уақытылы төлейтін мүмкіндігі жоқ.      
Сотқа осы уақытқа дейін алты айға дейін төлеу уақытын ұзарту туралы өтініш түспеген, қазіргі уақытқа дейін айып – пұл толық көлемде жабылмаған.
Әділет Департаменті аумақтық №2 Бұқар-Жырау ауданының сот орындаушыларының аз.К.Р. 2000 (екі мың) айлық есептік көрсеткіш айып – пұлды  240 (екі жүз қырық) сағатқа қоғамдық жұмысқа ауыстыру туралы өтінімі қанағаттандырылды.
Қаулы заңды күшіне енді. 
Источник: 
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотының баспа – сөз орталығы