Балағат сөздер айтқан үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Т. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қарастырылды (Ұсақ құқық бұзушылық).

Азамат Т. далада тұрғанда, сөз арасында азаматша М. балағат сөздер айтқан, сөйтіп қоғамдық тәртіпті бұзған, бұл құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанып жасалынған.

Сот қаулысымен Т. азаматты кінәлі деп танылып 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты