Балық аулау тәртібін бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 383-бабы. 3б, бойынша (балық аулау ережесін өрескел бұзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды санамағанда, тыйым салынған мерзімде ,тыйым салынған жерлерде, тыйым салынған құралдармен және тәсілдермен), құқық бұзушы С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы, Нұра өзенінде рұқсат құжаттарынсыз, тыйым салынған құралмен , яғни қармақбаудан жасалған орнатпалы аумен балық аулап, сол арқылы балық аулау ережелерін өрескел бұзған.

Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға кесілді, ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабы.2-б.талаптарына сәйкес айыппұл көлемі 30 пайызға азайтылып, әкімшілік құқық бұзу құралы тәркіленді.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы