Бұқар жырау ауданының №2 аудандық соты пайдаланылған электр қуаты үшін қарызды өндіріп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында, «Расчетный сервисный центр» ЖШС-нің, аз.М.-ға қатысты пайдаланылған электр қуаты үшін қарыз 26 948 теңге, өсімі-654 теңге және мемлекеттік баж салығын төлеудегі шығындар - 828 теңге өндіріп алу туралы талап арызына байланысты азаматтық іс қаралды.

Талапкер мен жауапкер арасында электр қуатымен қамтамасыз ету туралы Жалпы келісім жасалған. Коммуналдық қызмет көрсету ережесіне және келісім талаптарына сәйкес, тұтынушы пайдаланған электр қуаты үшін уақытында төлем жасауы тиіс еді. Бірақ, ол төлемді уақытында жүргізбеген, электр қуатымен жабдықтаушы ұйымның жазбаша ескертулерін жауапсыз қалдырған.

Сот, аз.М.-дан «Расчетный сервисный центр» ЖШС-нің пайдасына қарыз 26 948 теңге және мемлекеттік баж салығын төлеудегі шығынды - 828 теңге өндіріп берді.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы