Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ішкі істер өкілдерімен және прокуратура қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру негізінде күрделі сұрақтар бойынша» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында құқық бұзушылық жайлы әкімшілік істерді қарау барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК қолдану кезінде туындаған практикалық сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, практикалық ұсынымдар талқыланды, атап айтқанда,  Кодекстің жекелеген ережелерін қолдану жайлы түсінік беріліп, құқық бұзушылық жасаған үшін жауапқа тарту кезінде туындайтын сұрақтарға жауаптар алынды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша талқыланған сұрақтар, және де әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты әкімшілік істі сапалы рәсімдеу және сол істі қарау жайлы ұсынымдар қабылданды.

Қайнар: 
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз-қызметі