Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен медиациялық келісім бекітілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талапкерлер К., Н., З., Р. жауапкер «Қарағанды қалалық шаруалығы» ЖШС-не қатысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша залалды өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талқылау барысында тараптар дауды,судьяның катысуымен,медиация тәртібімен реттеуге келісімін берді.

Бітістіру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келді. Келісімге сәйкес жауапкер «Қарағанды қалалық шаруалығы» ЖШС-гі әр талапкердің банк карточкасына аудару жолымен ақшалай қаражатты қайтаруға өзіне міндеттеме қабылдады.

Мемлекеттік баж талапкерлерге қайтарылған.

Тараптар арасындағы медиациялық келісім сот ұйғарымымен бекітілген, іс бойынша өндіріс қыскартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қазыбекбий ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі