Қарағанды қаласының МАӘС 2017 жылдың 1-жартыжылдығында сот төрелігін жөнелту жөнінде БАҚ қатысуымен баспасөз – конференциясы өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Имашев Кеменгер Болатұлы бұхаралық апқарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз – конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында резонанстық сипаттағы, өзектілігі барі істер, сонымен қатар 2017 жылдың 1-жартыжылдығында МАӘС атқарылған жұмыс қорытындысы талқыланды.

Сонымен, 2017 жылдың 6 айында сотқа 7 599 әкімшілік іс түсті, оның ішінде 96 әкімшілік іс бағыныстылығы және соттылығы бойынша жолданған, бұл келіп түскен әкімшілік істердің 1,2% құрайды, 390 әкімшілік іс немесе келіп түскен әкімшілік істердің 5,1% қысқартылған.

2016 жылдың 6 айында сотқа 7 203   әкімшілік іс түсіп, оның ішінде 40 әкімшілік іс бағыныстылығы және соттылығы бойынша жолданған, бұл келіп түскен әкімшілік істердің 0,6% құрайды, 425 әкімшілік іс немесе келіп түскен әкімшілік істердің 5,9% қысқартылған.

Жоғарыда келтірілген деректерге сәйкес, есептік кезеңде 7 599 әкімшілік іс келіп түскен, 2016 жылдың осы кезеңінде 7 203 іс, келіп түскен істердің саны 5,2% немесе 396 іске көбейген.

Источник: 
Қарағанды қаласының МАӘС баспасөз-қызметі