Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында ҚР ҚІЖК-нің баптарын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Октябрь аудандық сотында ҚР ҚІЖК-нің баптарын түсіндіру сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шарада тергеуші судья Ш.Ганиолла, Октябрь ауданының прокуроры С.Сабыр, А.Аманкулов қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар тергеу судьясының өкілеттілігі және өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары көрсетілген ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексі 55 және 56 баптарының тармақтарын талқылады.

Іс-шара соңында, қатысушылар пікірлермен алмасты.

Источник: 
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі