Қарағанды облыстық соттарында бос әкімшілік лауазымдарға өткен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облыстық соттарында конкурс арқылы, бос әкімшілік лауазымдарға өткен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер таныстырылды.

Қазыбек би аудандық сотына, Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотына, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына, Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына, Октябрь аудандық сотына, Октябрь ауданының №3 аудандық сотына, Теміртау қалалық сотына, Жезқазған қалалық сотына, Ұлытау аудандық сотына әкімшілік мемлекеттік қызметке 39 адам өтті.

Соттар әкімшісі Бақдаулет Бақтиярұлы Нұрпейісов, Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына өткен 10 мемлекеттік қызметкерлерді таныстырып, оларға алдағы жұмыста табыс тіледі.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының және Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі