Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Нұра кентінің тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков Нұра кентінің тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен кездесу халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтермелеу, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Төрағаның қабылдауында азаматтар З.В. Ходоковская, С.А. Курманов, О.М. Даутов және И.А. Рыженков болды. Олар кеңес алу мақсатындағы сұрақтармен жүгінді.

Мұсабек Әлімбеков жүгінген азаматтардың барлық  сұрақтарына жауап беріп, заңнама нормаларын түсіндірді.

Кент тұрғындары аталмыш кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын сөзбен жеткізді.

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі