Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты журналистерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні » кәсіби мейрамымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференция барысында сот төрағасы Т.И.Тоқболатов журналистерді кәсіби мейрамы- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Журналистер В.П. Елизарова, Е.Г.Ульянкина, А.А.Балакешова, Т.Р.Шарипова атына сот қызметін айқын түсіндірудегі кәсіпқойлық үшін ризашылық білдіретін сөздер айтылды,алғыс айтқан хаттар тапсырылды.
Дәстүр бойынша, баспасөз конференциясында, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың маусым айындағы жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат берілді.Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы істер бойынша соттың істер қараулар нәтижелері жарияланды.

 

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі