Қарқаралы аудандық соты 2017 жылдың 6 айының жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша Қарқаралы аудандық соты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі –«Қарқаралы» газетінің тілшісі Д.Ыдырысовқа баспасөз - конференция өткізді.

Сот төрағасының м.а. М.М.Мухамбеткалиева 2017 жылдың 6 айында сотпен 26 қылмыстық, 231 азаматтық, 207 әкімшілік іс қаралғанын тілге тиек етті.

Судьялардың орта айлық жүктемесі 26 істі құрайды.

2016 жылдың есеп кезеңімен салыстырғанда, қылмыстық істер саны 12 іске, немесе 31 % азайды. Апелляциялық сатыға 4 қылмыстық іс жолданды, 2 үкім, 2 қаулы күшінде қалдырылды. Азаматтық істер саны 15 іске, немесе 6, 9 пайызға  көбейді, апелляциялық сатыға 6 іс жолданды, 1шешім  бұзылды, 1 - өзгертілді, 4 - күшінде қалдырылды. Әкімшілік істер саны- 15 іске, немесе 7 пайызға азайды, апелляциялық сатыға 7 іс жолданды, оның ішінде 5 қаулы өзгеріссіз қалдырылды, 2 қаулы бұзылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есеп мерзімде істерді қарау мерзімдері бұзылмаған.

Ағымды жылдың есеп кезеңінде татуластыру рәсімдерімен 19 іс аяқталды, оның ішінде медиация тәртібімен 1 қылмыстық іс, 16 азаматтық іс қаралды, бітімгершілік келісім 2 азаматтық іс бойынша жасалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізілуде. Баспасөз беттерінде 17 мақала жарияланды, 1 баспасөз конференция, 2 брифинг, 3 Ашық есік күні, 4 дөнгелек үстел шарасы өткізілді, облыстық сайтта 45 ақпарат жарияланды.

Судьялар және мамандардың іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі