Қарқаралы аудандық соты партисипативтік келісіміді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық соты талап қоюшы И.-дің жауапкер Т-ға жол көлік оқиғасы салдарынан моральдык зиян өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Талап қоюшы 2016 жылдың жазына жол көлік оқиғасы салдарынан ауыр дене жарақаттарын алған; медициналық әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша ол 1- топтағы мүгедек болып танылған.

Екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде,тараптар талап қоюшы мен жауапкерді қанағаттандыратын келісім шарттарына қол жеткізді.

Жасаған келісім бойынша талап қоюшы 10 млн. теңге талап қою талабынан бас тартуға міндеттенеді, ал жауапкер талап қоюшыға моральдық зиян есебіне 2 млн теңге төлеуге міндеттенеді.

Тараптарға ерікті түрде орындалмаған дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім келісімді жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жататыны түсіндірілді.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі