Қазыбек би аудандық сотымен БАҚ-на арнайы брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би аудандық сотының судьясы, БАҚ-пен байланыс координаторы Алия Жошева ҚР ҚК-нің 345б.3б. сәйкес Серикбай Берикович Рахимовқа қатысты қылмыстық ісі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

Қазыбек би аудандық сотымен 2017 жылдың 19 мамырында ҚР ҚК-нің 345б.3б. сәйкес Серикбай Берикович Рахимовқа 2 жыл 6 айға бас бостандығына айырылды, көлiк құралын жүргізу құқығынан 5 жылға айырылды, ҚК 63б. – шартты, бекітілген ережеге сәйкес ҚК 44б.2б. бойынша пробациялық бақылауды сотталған мерзімге міндеттерді жүктеумен: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын ауыстырмау; спирт ішімдіктерін ішу мақсатында көңіл көтеру мекемелеріне бармау (кафе, бар, ресторан); сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай Қарағанды қаласынан кетпеу.

Қылмыстық іс сотпен келісілген өндірісте процессуалдық келісіммен кінәсін мойындау шартымен қаралды, яғни сотқа жоғарыдағы жазаны ұсынғандар Қарағанды қаласының прокуратурасы мен сотталушының, бір тарап жәбірленушілер мен сотталушы С.Б.Рахимов, оның қорғаушысы екінші тараптар арасында жасалды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз-қызметі