Қазыбек би аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында аудандық сот төрағасы мен судьяларының, Қарағанды облыстық прокуратурасының, Қазыбек би ауданы атындағы прокуратурасының, Қарағанды қаласының мемлекеттік кірістер Департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті РММ-нің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Қарағанды облысы бойынша Департаменті РММ-нің, Қарағанды облысы ІІБ-ның, Қарағанды облысы ІІД-ның, Қарағанды қаласы орталық полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөлімінің, Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Дәлелдемелерді тану тәртібі мен оларды процессуалдық тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында судья Б.Х. Ахметова дәлелдемелер ұғымы қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер  - заңдылығы, белгілі бір тәртібі, оның негізінде Қылмыстық кодексіне сәйкес құқық бұзушылық, айыпталушының немесе жауапкердің кінәлі немесе кінәсіз екендiгiн анықтау, дәлелдемелерді алған тергеуші, прокурор, сондай-ақ басқа да мән-жайлар іс-әрекет жасауға немесе  дұрыс шешу үшiн ҚІЖК 111 бабының 1 тармағына сәйкес реттелетінің  әңгімелеп берді.
Сот төрағасымен дәлелдемелер арқылы істің ақиқаттығымен қоса заңды, саналы, әділ үкім шығарып алу үшін қажетті шарт болып табылатынын атап өтті. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабында заң шығарушының соттың тәуелсiздiгiн орнату үшін тараптардың көзқарастарымен және олардың құқықтарымен өз бастамасымен іс бойынша ақиқатты анықтайды.
Аяқталғаннан кейін қатысушылар судьяларға өз бастамаларымен дөңгелек үстелді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.  
Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз-қызметі