Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процесуалдық келісім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шахтинск қалалық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106 бабының 3 бөлімінде (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан) көзделген қылмысты жасағаны үшін азамат Л-ға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы үкім шығарды. Сот үкімі бойынша Л. бас бостандығынан айыру орындарында алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге тартылды.
Сонымен, сотталушы Л. мен жәбірленуші С. спирттік ішімдіктер ішіп отырған. Ішімдіктерді ішу барысында жәбірленуші пәтер бойынша сотталушыны кінәләп бастады, осыған орай сотталушы Л. жәбірленушіні жұдырықпен бетінен ұрғаны аңықталды. Сондай-ақ, жәбірленушіні бастан және денесінен соққылар берген. Соққылар жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соқтырған.
Сот тергеуі барысында жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық зиянды өтей отырып, барлық қажетті жағдайларды сақтап кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процесуалдық келісім ьекітілді.
Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі