Шахтинск қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдау бойынша іс-шара өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Азаматтарды қабылдау шарасы Шахтинск қалалық сотының төрағасы Д. Дәуітовпен өткізілді.
Азамат Р. Шахтинск аймағының, Долинка кентінде түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан інісін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сұрағымен жүгінді.
Оған түзеу мекемесінен қолдаухат түскеннен кейін автоматтық түрде бағдарлама арқылы  судьяға бөлінетіні туралы түсіндірді. Сондай-ақ, сотталғанның жеке істегі құжаттарын, берілген  мінездемесін зерделеп, заңға жүгініп әділетті қаулы шығарылатынын айтты.

 

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі